A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:05 0

ШҚО-да тәртіп сақшылары жалға берілетін пәтерлерді тексереді

Бүгін / ШҚО

Облыс аумағында кеше басталған «Қауіпсіз үй» жедел алдын алу шарасы қазан айының 5-не дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара аясында полиция қызметкерлері проблемалық тұрғын үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, саяжай және қараусыз қалған нысандарды аралап, шаруа және фермерлік қожалықтарға тексеру жүргізеді.
– Алаяқтық пен ұрлықтың алдын алу мәселелері бойынша халыққа түсіндіру жүргізуге ерекше назар аударылады, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер. 
Департамент таратқан ақпаратқа сәйкес, халықпен жедел байланыс орнату мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріне QR-кодтар орналастырылды. Олардың көмегімен учаскелік полиция инспекторларымен байланысуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив