A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 14:30 0

Риддер маңында аюлар азаймады: инспекторлар тағы тексеріс жүргізіп жатыр

Бүгін / Риддер

Бірнеше күн бұрын қонжығын ерткен маймақ жергілікті тұрғындар әлеуметтік желідегі топтарда бөліскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, кеше түнде куәгерлер жануарды байқап, телефонға тартып алған. Бейнежазба авторының айтуынша, аюлар Лазо көшесі, 13-үй маңында жүрген. Олардың алдынан ит шығып, аңдар дереу кері шегінді. Кейін темір торлы қоршаудан асып өтіп, «Крестьянский Дом» дүкені маңынан көрінді.

Содан куәгерлер дереу полицияға қоңырау шалған.

Таң атысымен әлеуметтік желідегі топтарда басқа да хабарламалар пайда болды. Мәселен, ер адам таңғы сағат 4:00-де Семипалатинская көшесінде екі аю көргенін айтты. Жоғарыда аталған «Крестьянский дом» дүкені осы көшеде орналасқан. Айта кету керек, қаланың бұл ауданы Тәуелсіздік даңғылы мен Республика алаңына таяқ тастам жерде тұр. 

Ал түнгі сағат 1:00 шамасында Базарная көшесінен тағы біреуі назарға ілікті. Куәгерлер №12 мектепке қарай жүріп бара жатып, аюларды байқаған. Осыдан бір күн бұрын шаһар тұрғындары Таловка маңында көргендерін айтты. Куәгерлер олардың іздері мен сынған қоршауларды суретке түсіріп алған. Бұл жабайы аңның қала маңына әлі де жиі келетінін көрсетеді. Тұрғындар дабыл қағып, аюларға қарсы шаралар қабылдауды талап етуде.

Анықталғандай, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобы Риддерге келіп, тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Мамандар аюларды қорқытып, шаһар сыртына қарай қумақшы.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, испекторлар алдағы уақытта аюларды қорқытып, қаладан кетуге мәжбүрлеу үшін олардың қозғалысын бақылайды.

– Риддерде ауа райы нашарлап барады, жақын арада қар жаууы мүмкін. Алғашқы қар жауған соң аюлар апанына жақындап, қысқы ұйқыға дайындық бастайды. Шамамен екі апта күтуіміз керек, сонда жануарлар тауға шегінеді. Ал бір немесе бір жарым айдан кейі ұйқыға кетеді, – дейді Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету тобының басшысы Ермек Бағланұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив