A+ A A-

talgatzhan 53 Бүгін, 12:00 0

Қазақстандықтар 2,3 млн тауарды мобильді қосымша арқылы тексерген

Бүгін / Республика

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы 2,3 млн-ға жуық тауардың түпнұсқалығын тексерген. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ-да өткен брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Тауардың таңбалануы мен шығу тегін тексеруге мүмкіндік беретін «Нақты өнім» мобильді қосымшасы бүгінде 55 мыңнан астам рет жүктелген.

– Бүгінде қосымша 55 мыңнан астам рет жүктелді. Ал пайдаланушылар таңбалау кодтары арқылы 2,3 млн-ға жуық тауардың түпнұсқалығын тексерген. Ол үшін тұтынушыға тауардың қаптамасына басылған Data Matrix кодын сканерлеу жеткілікті. Осыдан кейін өнім туралы толық ақпарат, оның ішінде тауардың қозғалысы туралы мәлімет қолжетімді болады, – деді Әсет Нүсіпов.

Вице-министрдің айтуынша, егер тауарда міндетті таңбалау коды болмаса, код бүлінген немесе қосымша арқылы оқылмаса, тұтынушы бұл туралы тікелей «Нақты өнім» арқылы хабарлай алады.

– Бұл өтініш белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган тарапынан қаралады. Бірыңғай оператордың мәліметіне сәйкес, бүгінде тұтынушылардан таңбалау талаптарының бұзылуына қатысты қосымша арқылы 10 мыңға жуық өтініш келіп түскен, – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі.

Фото: Kazinform сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив