Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі аланында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, өндірістік жарақаттану оқиғаларының басым бөлігі тау-кен металлургиясы өнеркәсібінде тіркелген. Аталған салада 29 адам зардап шекті. Сонымен қатар құрылыс саласында – 13, бюджеттік ұйымдарда – 12, ауыл шаруашылығында 9 адам өндірістік жарақат алды.
– Жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, – деді Бақытбек Қизатов.
Өндірістік жарақаттану көрсеткіші бойынша Өскемен қаласы алдыңғы орында тұр. Қала кәсіпорындарында болған жазатайым оқиғалар салдарынан 45 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапты.
Бақытбек Қизатовтың мәліметінше, жазатайым оқиғаларға байланысты 70 арнайы тергеп-тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 110 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер