Аудандық сот ШҚО Полиция департаментінің ауыл тұрғынын көлік жүргізу құқығынан айыру туралы талабын қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот медициналық-консультативтік кеңестің қорытындысына сәйкес, ер адамға эпилепсия диагнозы қойылған. Ұсынылған дәлелдемелерді қарап шыққаннан кейін сот бұл жағдайдың көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне енгізілгенін анықтады.
Нәтижесінде сот департаменттің талабын қанағаттандырып, ер адамды көлік жүргізу құқығынан айырды.
Пікірлер