Ол 10-12 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның негізгі мақсаты – төленбеген әкімшілік айыппұлдарды анықтау және олардың өндірілуін қамтамасыз ету.
Өскемен қалалық полиция басқармасының мәліметінше, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда тиісті материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданады. Сонымен қатар құқық бұзушының көлігі арнайы айып тұрағына қойылуы мүмкін.
Полиция тұрғындарды әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.
Пікірлер