A+ A A-

talgatzhan 38 23-09-2024, 15:19 0

Риддерде «Водоканал» кәсіпорнының 220 жұмысшысы жалақыларын ала алмай келген

Бүгін / ЖАҢАЛЫҚТАР / Риддер

Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне жалақы төленбей келе жатқандығын анықтаған. Компанияның жұмысшыларға берешегі - 50 млн теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Бұдан бөлек, Марқакөл ауданының прокуратурасы «Теректі» коммуналдық кәсіпорнында 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша екі кәсіпорында да жалақы бойынша берешек толықтай өтелді. Жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, ШҚО прокуратурасы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін, оны бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Фотосурет: gov.kz 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив