Кеше сағат 23:30 шамасында полиция қызметіне Үлбі көпірінен ер адамның секіріп кеткені туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Азамат Жылқышынов пен Бекарыс Абдолданов көмекке шақырып жатқан ер адамды көрген. Олар құтқару құралын жіберіп, қала тұрғынын жағаға алып шықты, - делінген Өскемен қаласы Полиция басқармасының мәліметінде.
Ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оның неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр.
Пікірлер