A+ A A-

talgatzhan 34 25-09-2024, 14:30 0

Риддер тұрғындары жылу ақысын төлей алмай отыр

Бүгін / ЖАҢАЛЫҚТАР / Риддер

Қаладағы жалғыз «Шығыс жылу» мекемесіндегі кезек лық толы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бірақ кешіктірілген төлем үшін өсімақы салынбайды. «Шығыс жылу» АҚ мамандары атап өткендей, төлем қабылдау жүйесі Риддер филиалы ресми тіркелгенге дейін жасалмаған. Қазір жағдайды ретке келтіру үшін жұмыстар жүргізілуде. 
- Құнанбаев көшесі, 46 көшесіндегі филиалда тұтынушыларды қабылдау үшін екінші терезе аштық. Жылу ақысын «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелеріне барып, төлеуге де болады. Екінші деңгейлі «ЦентрКредитБанк» пен «Halyk Bank» мобильді қосымшалары арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар. Ал Kaspi Bank Риддер үшін арнайы бағдарлама дайындауда. Алдағы уақытта іске қосылады. Сондай-ақ қала тұрғындарынан өсімақы алынбайды. Тұрғындарды сабырға шақырып, жылу және ыстық су қызметтерін өздеріне қолайлы әдіспен төлей алатындарын еске саламыз, - деді коммуналдық кәсіпорын өкілдері. 

Оған қоса басқа операторлар арқылы төлем қабылдау мүмкіндігі де тексеріліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив