A+ A A-

talgatzhan 50 25-09-2024, 14:42 0

Өскеменде атом тақырыбында кездесу өтті

Бүгін / ЖАҢАЛЫҚТАР / Өскемен

О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханның ұйымдастыруымен атом тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиынға Қазақстанның Ядролық Қоғамы Ассоциациясының Атомды технология бойынша ақпараттық орталығының директоры Сеит Алиев келіп, өңірдегі кітапханалар қызметкерлеріне атом саласының маңызын түсіндірді. Аталған қоғам - атомдық ғылым мен өнеркәсіптің қазақстандық кәсіпорындарының бірлестігі. Сейіт Әбілханұлы сөзінше, бүгінде атом барлық салада айрықша рөлге ие. Қазір жер бетінде 23 ұзақ өмір сүретін радиоактивті элементтер сақталған.
- Табиғаттағы радиоактивтілік ғарышта пайда болып, жердің құрамына енді. Тіпті адам денесінің тіндерінде де табиғи радиация көзіне айналған калий-40, рубидий-87 элементтері кездеседі, - дейді Сейіт Әбілханұлы. 
Маманның пікірінше, ауыл шаруашылығында да сәулелендірудің көмегі бар. Ол тұқым өнімінің артуына, шірік пен спораның жойылуына, егіннің сақталуы мен аурушаңдықтың төмендеуіне әсер етеді. 
Ал О.Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекованың айтуынша, мұндай кездесудің халыққа атом туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. 
- Атом - бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да халыққа жолдауында атап өткен еді. Осы орайда біз кітапхана ішінде қосымша білім беретін атомтану сыныбын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазір атом саласында жұмыс істейтін мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан біздің мақсатымыз -  мектеп оқушыларына аталған бағыт бойынша сапалы білім беру. Қазір жоба жан-жақты дайындалып жатыр. Физика пәнінің мұғалімдерін тартып, зертхана ашу, керекті құрал-жабдықтарды алу ойда бар, - деді Жанат Мәуітқызы. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив