A+ A A-

talgatzhan 29 11-10-2024, 09:42 0

Риддерде көпсалалы аурухана салынып жатыр

Бүгін / Риддер

80 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан қалалық аурухананың орнына бір ауысымда 500 келушіге арналған емханасы мен 200 төсектік стационары бар медициналық мекеме салынуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бас дәрігер Гүлнар Кітаппаеваның айтуынша, емхана ғимаратының құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал стационар 25 пайызға дайын. Құрылысты 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. 
Медициналық мекемеде 128 кескіндік компьютерлік томограф пен сандық рентгендік аппарат орнатылып, 500-ден астам дәрігер жұмыс істейтін болады. Нысан құрылысына қажет қаржының кешігуіне байланысты мәселелерді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова шешуге уәде берген еді. 
- Денсаулық сақтау министрі облысқа сапары кезінде құрылыс алаңына атізін салған еді. Ол бұл мәселені бақылауда ұстайтынын, құрылыс тоқтамауы үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Қазан айында 18 миллиард теңге көлеміндегі траншты күтеміз. Келесі жылы керек қаражат толық көлемде бөлінуі тиіс, - деді Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев. 
Сондай-ақ аурухана басшылығы жыл соңына дейін емделушілер ұзақ күткен гемодиализ аппараты әкелінетінін жеткізді. Ол облыстық бюджет қаржысынан сатып алынбақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив