A+ A A-

talgatzhan 50 19-10-2024, 11:14 0

Өскеменде жәрмеңке өтті

Бүгін / Риддер / Өскемен

Бүгін «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында облыс орталығында Риддер қаласының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда ет, сүт, құрт, қаймақ, бал, көкөністер сынды азық-түлік өнімдері тиімді бағада ұсынылды. Сондай-ақ ағаштан жасалған бұйымдар мен жылы киімдер де сатып алушылар тарапынан сұранысқа ие болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар риддерлік кәсіпкерлердің ісін алға жылжытуға зор үлес қосады.

- Бүгінгі жәрмеңкеге 15 кәсіпкер қатысуда. 3 тонна сиыр, 2,5 тонна жылқы, 2 тонна қой еті әкелінді. Қазы, шұжық өнімдері де төмен бағада сатылмақ, - дейді Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева.

Өскемендіктер жәрмеңкеде ұсынылған ет өнімдерін орташа алғанда 2000-2500 теңгеден сатып алуда.

Халық мол жиналған шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев та келді. Ол тауар түрлерімен танысып, концерттік бағдарламаның куәсі болды. Сонымен қатар кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар өнімді сатып алды.

Бұдан бөлек, жәрмеңке алаңында қол күрес, арқан тарту, гір көтеруден сайыстар ұйымдастырылып, Риддер қаласынан келген өнерпаздар ән-биден шашу шашты.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив