Мемлекеттік сатып алу порталына шыққан ақпаратқа сенсек, аудан әкімінің аппараты АИ-92 маркалы жанармайын сатып алуды жөн санады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, бензин бірнеше мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
– АИ-92 жоғары зарядталған, жоғары сығу коэффициенттеріне ие және іштен жанатын қозғалтқыштарда отын ретінде пайдаланылады. Жанғыш материал ретінде май өндірісінде маталарды тазалау үшін еріткіш ретінде қолданылады. Сонымен қатар оны тұрмыстық мақсатта қолдануға болады, – делінген ақпаратта.
Әкімдік әу баста 3065 литр бензин сатып алуды жоспарлаған. Қосылған құн салығын есептемегенде, бұған 633 мың теңге бөлінді. Жалпы бұл ұшқышты тұтатқышты қозғалтқыштарға арналған бензин. Көрсетілген бағаға сақтау және жеткізу қызметі кіреді. Дизельдік отынды жеткізудің бірнеше шарты бар.
– Жеткізушінің мына елдімекендерде жанармай құю станциялары болуы керек: Үлкен Нарын ауылында; Алтай қаласында. Одан бөлек, Алтай аймағының (ауданы аумағының болуы керек) елдімекендерінде жанармай құю станциялары болса құпталады. АИ 92 маркалы бензин жеткізушінің жанар-жағармай құю станцияларында карта жүйесі арқылы жеткізіледі, – делінген құжатта.
Конкурс жеңімпазы 3 мың литрден астам бензинді Үлкен Нарын ауданына 31 желтоқсанға дейін жеткізуі тиіс. Мәлім болғандай, бұл енді «Alem Oil ЖШС» жауапкершілігінде. Конкурс нәтижесіне сәйкес, осы мекеме жеңімпаз атанды.
Пікірлер