A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 11:10 0

Өскеменде полиция бет-жүзді толық жабатын киімге қатысты ережелерді түсіндіруде

Бүгін / Өскемен

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім киюге қатысты заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, бұл норма 2025 жылдың шілде айынан бастап күшіне енді. 
Оның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
Сонымен қатар заңда бет-жүзді жабуға рұқсат етілетін жағдайлар нақты көрсетілген:
– қызметтік міндеттерді орындау кезінде (дәрігерлер, құрылысшылар, арнайы қызмет өкілдері);
– медициналық көмек кезінде (бетперде тағу);
– ауа райының қолайсыз жағдайында (қатты аяз, шаңды дауыл);
– спорттық жарыстар немесе мәдени-көпшілік іс-шаралар кезінде.
Қазір де полиция қызметкерлері сауда орталықтарында, базарларда және демалыс орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға арнайы ақпараттарды таратып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив