A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 11:30 0

ШҚО-да балалар қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

Бүгін / ШҚО

Облыс орталығында балалардың қауіпсіздігі, құқықтық мәдениет және қоғамда заң мен тәртіп қағидаларын нығайтуға арналған маңызды форум өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары және құқық қорғау саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Форум барысында сөз сөйлеген ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев заң мен тәртіптің маңызын атап өтті. 
– Бүгін біз жас ұрпақтык қауіпсіздігіне және қоғамның болашағына тікелей жауапты мамандар ретінде бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, заң мен тәртіп – тұрақты әрі әділетті мемлекеттің іргетасы. Бұл қағида қоғам өмірінің негізгі нормасына айналуы тиіс. Заң мен тәртіп – баршамыз үшін айқын бағыт. Әділетті мемлекет құрудың басты негізі де осы ұстанымдармен тығыз байланысты, – деді ол.
Форумда өңірдегі білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан тәрбие жұмыстары туралы айтылды. 
ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбектің мәліметінше, 2025–2026 оқу жылынан бастап облыстың барлық білім беру мекемесінде «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы іске қосылды.
– Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар ата-аналармен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылып, отбасы институтын нығайтуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр, – деді басқарма басшысының орынбасары.
ШҚО прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Жандос Қоныровтың сөзінше, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық мәселесі өзекті болып отыр. 
– Білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға бағынушылық мінез-құлық пен азаматтық жауапкершілікті дамыту – басты міндеттердің бірі. Осы бағытта білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары және қоғамдық құрылымдар бірлесіп жұмыс істеуде. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылы 85 құқықбұзушылық тіркелсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 14-ке жетті. Әсіресе, құқықбұзушылық фактілері Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Зайсан, Үлкен Нарын аудандарында тіркелді, – деді Жандос Қоныров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив