A+ A A-

talgatzhan 24 23-09-2024, 16:33 0

Өскеменде тұрғын үй кешенін салу барысында заңбұзушылық анықталды

Өскемен / ЖАҢАЛЫҚТАР / Бүгін

ШҚО мемлекеттік-сәулет құрылыс инспекциясы бөлімі жүргізген тексеру нәтижесінде «Emeralds» тұрғын үй кешенін салушы «ROYAL FINANCE GROUP» ЖШС-ның бірқатар заң талабын бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мемлекеттік-сәулет құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Қайырдинов құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға қажет рұқсат құжаттары жоқ екенін мәлімдеді. Заң бойынша азаматтардың қаражаты жергілікті атқарушы органның рұқсатымен немесе тұрғын үй кешенінің кепілімен ғана тартылу керек. Аталған жағдай бойынша мердігер осы шарттардың ешқайсысын орындамаған. 
– Нысанды салу кезінде серіктестік басшысы үлескерлердің ақшасын тартпай, өз қаражатын пайдалануы керек еді. Алайда азаматтар мен «ROYAL FINANCE GROUP» ЖШС арасында заңсыз бронь қою келісімдері жасалған, - дейді Самат Қайырдинов.
Сондай-ақ ол жағдай облыс әкімдігінің бақылауында екенін, оны тұрақтандыру үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Осы тұста жауапты мамандар азаматтарды құрылыс салушылармен келісім-шарт жасамас бұрын сақ болуға шақырады. Құрылысқа рұқсаттың бар-жоғы мен үлескерлерден қаражат тартуды да мұқият тексеруге кеңес береді. 
– Егер сіз құрылысы жүріп жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуды қаласаңыз, толық ақпарат алу үшін біздің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне жүгіне аласыз, - дейді Самат Қайырдинов.
Қазігі таңда мамандар үлескерлердің мүддесін қорғап, «Emeralds» тұрғын үй кешені құрылысының заңды түрде аяқталуын қамтамасыз ету шараларын қолданбақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив