Облыс әкімдігі өкілдерінің ақпаратынша, мұның барлығы кезең-кезеңімен берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалар Өскеменде жолаушылар тасымалын субсидиялаумен байланысты бірқатар мәселелер бар екенін айтты.
- Құрама, қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармай бағасы өсті. Жоғарыда атап өткенімдей, техника лизингке сатып алынады, ал тариф бұрынғы деңгейде қалып отыр. Тасымалдаушылар қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Өткен жылы бұл мақсаттарға жыл бойы кезең-кезеңмен 4,2 млрд. теңге бөлінді, - деді әкімді өкілдері.
Тасымалдаушылардың өтініші бойынша осы жылдың бюджетін бекіту кезінде 4 млрд. теңге бір мезгілде, бөлшектемей бөлініпті.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер