Жауапты тұлғалар қазір осы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазіргі уақытта өңірде бір автобекет, жеті автостанция және төрт жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. «Өскемен-1 – Алтай» және «Өскемен-1 – Риддер» бағытындағы теміржол бағыттары жыл сайын 80 мыңнан астам жолаушыны тасымалдап, сұранысқа ие болып отыр.
– 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап жаңа халықаралық «Новосибирск – Риддер» теміржол бағыты іске қосылады, ол төрт күн сайын жүреді. Сонымен қатар, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында «Өскемен-1» вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық құжаттама дайындалып жатыр, – деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.
Облыс орталығынан төрт ішкі және екі халықаралық әуе бағыты бар. Жаз айларында Шымкент, Үржар және Анталияға қосымша рейстер қосылады.
Фотосурет 2gis.kz
Пікірлер