A+ A A-

21 6-10-2024, 09:58 0

Үлкен Нарын ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын таңғы 7:00-ден бастады

Үлкен Нарын / Бүгін

Қазақстан Республикасында АЭС салу мәселесі бойынша референдум барысында Үлкен Нарында жалпы 22 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сайлау учаскелері ертемен сағат 7:00-де ашылды. Ресми ақпаратқа сәйкес, ауданда жалпы 22 сайлау учаскесі жұмысын бастады.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салынуымен келісесіз бе?" деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауабы "Иә, келісемін" немесе  "Жоқ, келіспеймін" деген екі нұсқаға бөлінген. Дауыс беруші кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.
- 6 казанда еліміздегі сайлау учаскелерінің көпшілігі сағат 7:00-де ашылды. Олар өз қызметін кешкі сағат 20:00-ге дейін атқарады, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив