458.28 501.45 5.59
A+ A A-

Өскеменде танысының 8 млн теңгесін жымқырған адам қамауға алынды

Өскеменде танысының 8 млн теңгесін жымқырған адам қамауға алынды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қала полицейлері жылжымайтын мүлікті сату келісімінен соң жасалған ірі көлемдегі ұрлықты ашты. Күдікті жәбірленушінің танысы болып шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

48 жастағы қала тұрғыны пәтерін сатып 8 миллион теңге алған. Алайда ақшаны қараусыз қалдырған сәтте бүкіл сомасынан айырылған. Полицейлердің анықтауынша, 26 жастағы танысы осы жағдайды пайдаланып, оның ақшасын жымқырған.

– Қомақты көлемде ақша жоғалғанын байқаған ер адам полицияға жүгінген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Egemen.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив