A+ A A-

talgatzhan 38 30-09-2024, 14:00 0

ШҚО-да 18 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген

ШҚО / Бүгін

Ресми ақпарат жуықта облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтыны тілшісі.

Мәлім болғандай, облыста ресми деректер бойынша 17790 жұмыссыз азамат тіркелген.
- Іс жүзінде бұл мәліметтер басқадай болуы да мүмкін. Сондықтан біз өңірдегі барлық жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға тырысамыз. Осы мәселені шешу үшін жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар атқарылуда, - делінген облыс әкімдігінде ұсынылған ақпаратта.
Өңірлік жұмыспен қамту картасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа өндірістерді ашу, ұлттық жобалар есебінен 32 мың жұмыс орнын құру жоспарланған (26,6 мың - тұрақты, 8,4 мың - уақытша).
- Оның ішінде осы жылдың басынан бері 20 мың жұмыс орны құрылды (12,4 мың - тұрақты, 7,6 мың - уақытша), - делінген мәліметте.

Фотосурет Azattyq-ruhy.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив