A+ A A-

talgatzhan 39 30-09-2024, 17:50 0

ШҚО-да бюджет игеру кезінде мектеп директорлары жемқорлыққа жол берген

ШҚО / Бүгін

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру мекемелерінің 300-ден астам директорлары мен бухгалтерлерінің қатысуымен бюджет қаражатын игерудегі жемқорлық тәуекелдері тақырыбында кеңес өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдің білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, қорытындысында қаржыландыру бөлігінде көптеген бұзушылықтар анықталды. Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Талгат Башев атап өткендей, білім беру саласы әлі де сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі. 
Мәселен, 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін білім беру саласында барлығы 68 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген.
- Талдау қорытындысында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Кінәлі лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізілді. Аталған ұсынымдар аясында, облыстың барлық 343 орта білім беру мекемелері бухга

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив