Облыс басшылығы ұсынған мәліметке сүйенсек, бірқатар су құбырын салу кезінде бұрын қателіктер жіберілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Статистикаға сенсек, бүгінде облыс халқының 99%-ы, оның ішінде ауыл халқының 97,2%-ы сумен қамтамасыз етілген (7 мың ауыл тұрғыны сумен қамтамасыз етілмеген).
- Ол үшін биыл 3,4 мың адамды қамтитын 8 жобаны, келесі жылы 3,6 мың адамды қамтитын 8 жобаны іске асырамыз. Бірқатар су құбырын салу кезінде бұрын қателіктер жіберілгенін білеміз, қазір оларды түзетумен айналысып жатырмыз. Ең бастысы, сумен жабдықтау көздерін дұрыс анықтау. Ал көшелер мен үйлерге таратушы желілерді тарту - бұл біз кезең-кезеңмен шешуге ниеттенген екінші міндет, - делінген мәліметте.
Әкімдік өкілдерінің ақпаратынша, бұрын ауыз суды тазарту мен таратудың блок-модульді станциялары орнатылған 117 шағын ауылда жоба соңына дейін жетпеді.
- Идея жақсы. Станция орнатылған, бірақ электр қуаты қосылмаған немесе скважинадағы су қорының жеткіліксіз екені байқалды. Бүгінде көптеген кемшілігі түзетілді. Бұдан әрі 3 жыл ішінде әрбір үйге орталық су құбырын тарту жоспарланып отыр, - деді жауапты тұлғала.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер