1-ші қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Мерекеге орай Мемлекеттік Корпорацияның ШҚО бойынша филиалы акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандар ақпаратынша, бұл күні ХҚКО қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады.
- Айта кетейік, филиалдың фронт-офистеріне күніне 40-қа жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күнінде еліміз бойынша барлығы 800-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында және Түркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді, - делінген ақпаратта.
Анықталғандай, бүгінде Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар, олардың 140 мыңнан астамы Шығыс Қазақстанда тұрады.
- Аталған қызметалушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақ ыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты, - деді орталық қызметкерлері.
Пікірлер