A+ A A-

talgatzhan 21 7-10-2024, 11:00 0

ШҚО-да белгісіз біреулер балық аулауға тыйым салынған жерге ау құрып кеткен

ШҚО / Бүгін

Мұндай ақпаратпен өңірдегі жеңіл қимыл жасағы өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл жасағы инспекторлары жуықта тексеріс жүргізіп қайтты. 
- Бұқтырма су қоймасындағы акваторийлер қазір кей тұрғынның жиі баратын жеріне айналған. Көбі балық аулайды. Айталық, Қарақол бұғазында белгісіз біреулердің 15 тор құрып кеткендері анықталды. Біршама үлкен. Ені 70 метр, ұзындығы 100 метрге жетеді. 
Қарақол бұғазы сақтаулы қор болғандықтан мұнда кәсіпшілік мақсатта балық аулауға тыйым салынған. Торлар тәркіленіп, ондағы балықтар су қоймасына қайта жіберілді. Осыған сәйкес құқықтық-нормативтік хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив