A+ A A-

talgatzhan 24 8-10-2024, 10:40 0

Дзюдошылар Grand Slam бәсекесіне қатысады. Тізімде ШҚО спортшылары жоқ

ШҚО / Бүгін

Abu Dhabi Grand Slam турнирінде Ұлттық құрама сапынан 13 татами шебері бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дүбірлі додаға әлемнің 33 елінен 230-дан астам спортшы қатыспақ. Нәзік жандылар арасында Олимпиада ойындарын 5-ші орынмен аяқтаған Әбиба Абужақынова бар. Өкініштісі сол, ерлер бойынша аса ауыр салмақтағы жерлестеріміз Ерасыл Қажыбаев та, Әділ Оразбаев та тізімге енбеген. Құрам төмендегідей:
Әйелдер:
Әбиба Абужақынова (-48 келі)
Эсмигүл Куюлова (-63 келі)
Назгүл Маратова (+78 келі)
Карина Такиева (+78 келі)
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 келі)
Дәурен Сүйеукенов (-60 келі)
Әділбек Берікұлы (-66 келі)
Дархан Қойбағар (-73 келі)
Ермек Амангелді (-73 келі)
Жалғас Қайролла (-81 келі)
Руслан Мұсаев (-81 келі)
Әділет Сапарғалиев (-100 келі)
Мәди Еділбаев (+100 келі)
Аталған жарыс қазан айының 11-13 күндері өтеді.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив