2-4 қазан аралығында өткен республикалық байқаудың қорытындысы шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің ұйымдастырған байқауда төрт жерлесіміз өз мүмкіндігін байқады. Облыстағы Өркен орталығының ақпаратынша, байқау қорытындысы бойынша Глубокое ауданының «Степное негізгі мектеп-балабақша кешені» КММ мұғалімі Рүстембекова Гүлжан Рустембекқызы 2-орын, Тарбағатай ауданының «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектеп-интернат-колледжі» КММ мұғалімі Бекбосынова Ардақ Рамазанқызы 3-орынға ие болды.
- «Шабыттандыратын тәлімгер» номинациямен Үлкен Нарын ауданының «Малонарым орта мектебі» КММ мұғалімі Диляра Социалова мен Самар ауданының «Аққала мектеп-балабақша кешені» КММ мұғалімі Альмира Алпыспаева марапатталды, - делінген ақпаратта.
Пікірлер