A+ A A-

talgatzhan 30 23-09-2024, 10:00 0

«Елімай 2014» халықаралық жарыста екінші орын иеленді

Спорт / Бүгін

Семейлік жас футболшылар Қазан қаласында өткен «EAST CUP» халықаралық турнирінің финалында «Рубинге» есе жіберді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресей жеріндегі додаға Азия, Еуропаның таңдаулы ұжымдары келді. 2014 жылы туған жасөспірімдер бақ сынаған бәсекеде семейлік команда А тобында өнер көрсетті. Жарыс жолында әзірбайжандық «Зире 2014» тәрбиеленушілерін 8:1 есебімен тас-талқан етті. Сосын Біріккен Араб Әмірлігінен келген «FUTURE ACADEMY» ұжымын 5:1, келесі кездесуінде Қырғызстанның мықтысы «Ильбирс» футболшыларын 4:1 есебімен ұтты. Соңғы турда Сауд Арабиясының намысын арқалаған «АL-FAISALY» командасын қапы қалдырды.
Ал финалда жарыс қожайындары «Рубиннен» ұтылып, халықаралық сайысты екінші орынмен аяқтады. 

Фотосурет Kazfootball.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив