Дави Мендоса шәкірттері Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазымен жолығады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көбі қазақстандық қос клубтың әртүрлі топқа түскенін қалады. Бірақ олай болмады. Чемпиондар лигасының негізгі раундында «Қайрат» пен «Семей» бір топқа түсті.
Венгриялық «Халадаш» пен португалиялық «Спортинг» те топтан шығуға дәмелі. Барлық ойындар Алматыда өтеді.
Қазан айының 22-сі күні, яғни бүгін семейліктер «Спортингпен» шеберлік байқасады. Ойын 17:00-де өтеді.
Фотосурет Fcsemey парақшасынан
Пікірлер