A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 14:05 0

Өскеменде ер адамға полиция қызметкерлері көмек көрсетті

Бүгін / Өскемен

Куәгерлердің айтуынша, 13 маусым күні Үлбі өзені арқылы өтетін көпірде ер адамның әрекеті алаңдаушылық туғызған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, азамат дер кезінде құтқарылып, қажетті көмек көрсетілген.
– Ер адамға уақтылы көмек берілді. Кейін медициналық қызметкерлерге тапсырылып, арнайы мекемеге жеткізілді, – деді департмент өкілдері.
Полиция мәліметінше, азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілген. Алайда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында мұндай шақырту тіркелмегенін мәлімдеді. Сондай-ақ психоневрологиялық диспансер өкілдері де сол күні аталған оқиғаға байланысты пациент жеткізілмегенін хабарлаған.
Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив