A+ A A-

talgatzhan 7 Бүгін, 17:30 0

Риддерде халықаралық деңгейдегі мотоспорт фестивалі өтті

Бүгін / Риддер

Бүгін Риддер қаласында спортшыларды, мотоспорт әуесқойлары мен Қазақстанның әр өңірі мен шетелден келген қонақтарды біріктірген ауқымды фестивальдің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Халықаралық RIDDER EXTREME ENDURO фестивалі тұңғыш рет қолға алынып отыр. Оның ашылуы Республика алаңында өткен райдерлердің әсерлі көрсетілімдерімен ерекшеленді. Кәсіби шеберліктерін паш еткен спортшылар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, адреналинге толы көңіл күй қалыптастырды.

Алдағы үш күнде қатысушыларды Алтайдың таулы аймақтарындағы күрделі жарыс жолдары, тартысты бәсеке, әсерлі спорттық сәттер және мазмұнды фестиваль бағдарламасы күтуде.

RIDDER EXTREME ENDURO – бұл тек ауқымды спорт мерекесі ғана емес, сонымен қатар оқиғалы туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Риддер қаласының экстремалды туризм мен халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралар өтетін орталық ретіндегі беделін арттыруға бағытталған маңызды жоба.

– Барлық қатысушыға тартысты жарыс, әділ бәсеке және жарқын жеңістер, ал қала қонақтарына Риддерден ұмытылмас әсер алуларын тілейміз! – делінген ақпаратта.

Фото: Риддер әкімдігінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив