Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 6 жасынан бастап әкесінің жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылығына ұшыраған. Қазір жәбірленушінің жасы 14-те, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам шілде айының басында полиция қызметкерлерімен ұсталған. Құқық қорғау органдары оны жұмыс орнынан алып кеткен.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Риддер қалалық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған бап кәмелетке толмаған адамды зорлауға қатысты.
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.
Пікірлер