Ресми ақпаратқа сәйкес, нысан Сәтбай елдімекені маңындағы Зайсан халықаралық әуежайынан 10 шақырым жерде орналастырылады, хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімідігінің ресми сайтындағы құжатқа зер салсақ, казино мен ойын залдары салынатын жер аумағы – 153,6 гектар. Солтүстік жағынан шаруа қожалығымен шектеседі. Батыс пен шығыс жағы да солай. Тек оңтүстік бағыттан жайылыммен шектеседі.
Айта кетейік, аталған казино шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ойын мекемесінде жұмыс істейтін және еңбек міндеттерін орындайтын адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі. Былайша айтқанша, бұған қазақстандықтар мен өңір тұрғындары кіре алмайды.
Фото: ЖИ
Пікірлер