A+ A A-

admin 39 18-09-2024, 11:10 0

Өскемен тұрғындары референдум кезіндегі өз сайлау учаскесін телеграм-бот арқылы біле алады

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының тұрғындары референдум кезіндегі өз сайлау учаскесін телеграм-бот арқылы біле алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

АЭС салуға қатысты 6 қазанда өтетін референдум кезінде өз сайлау учаскесін білгісі келген қала тұрғындары @vote_vko_bot телеграм-ботына жаза алады. Сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып немесе @digital East қосымшасы арқылы тіркелу мекенжайы бойынша сайлау учаскесін анықтауға болады. 

- Бот жеделхатында немесе қосымшада өз деректері болмаған жағдайда 8 (7232) 266536 телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Call-орталықтың бұл нөмірі ашық және сайлау процесіне, дауыс беру рәсіміне және сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты заңнамалық нормалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады қала әкімдігінен. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив