A+ A A-

talgatzhan 20 29-01-2025, 10:25 0

Өскеменде екі жыр жинағының тұсаукесері өтті

Бүгін / ШҚО

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Нұрхан Сәменбеттің «Күн сәждесі», «Үкі көз» атты жыр жинақтары көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нұрхан Сұлтанбайұлы 1961 жылы Алтай аймағындағы Жеменей ауданына қарасты Қаржау ауылында дүниге келген. Ақынның алғашқы өлеңдері мен жыр-толғаулары  Қытай басылымдарында жарияланып, қандас қаламгерлердің жылы ілтипатына ие болды. Ол 1997 жылы атажұртқа оралып, Оңтүстік Қазақстанға табан тіреген. Жергілікті басылымдарға туындылары шығып, түрлі жарыстардан жүлделі орындарға ие болды. Жиын барысында ақынның сөзіне жазылған әндерді қала өнерпаздары құйқұлжыта шырқап, қонақтарға тарту етті. Нұрхан Сәменбеттің айтуынша, көпшілікке таныстырылған жыр жинағы - оның бесінші кітабы. 

- Қасиетті Алтай мен Тарбғатайдың етегінде орналасқан киелі мекенге келгеніме өте қуаныштымын. Бұл - Абай мен Шәкәрімді дүниеге алып келген қасиетті жер. Бүгін кітабымның тұсауы кесіліп, қара сөздің қадірін білетін оқырманға жол тартқанына ризамын, - дейді Нұрхан Сұлтанбайұлы.
Жастайынан өлең жазып, түрлі тақырыпта қалам тербеген журналистің шығармашылығы мұнымен шектелмейді. Ақын алдағы уақытта да жаңа туындыларын кітап қылып басып шығаруды жоспарлап жүргенін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив