Биыл облыс орталығында 400 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салдарынан 500-ге жуық адам түрлі дене жарақатын алып, 12-сі көз жұмды.
- Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 103 жол апаты болып, 104 адам зардап шекті. Оның үшеуі қайтыс болды, - деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғаларының көбі жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде жол қозғалысы ережелерін бұзу, қашықтықты сақтамау кесірінен болған.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, мұқият болуды сұрайды.
Пікірлер