A+ A A-

29 1-10-2024, 12:14 0

Шемонаиха ауданында есірткі сақтаған адам ұсталды

Бүгін / Шемонаиха / ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында есірткі сақтаған адамды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

41 жастағы жергілікті тұрғынның үйін тінту кезінде өсімдік тектес бұталар, өсімдік тектес заты бар 14 полимерлі пакет, құрамында ұқсас заты бар 6 шыны ыдыс пен 2 қағаз орамы тәркіленді.
- Тәркіленген заттар салмағы 1,5 келіден асатын кептірілген марихуана және бір келіге жуық кептірілген қарасора өсімдігі болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив