«ҚазАвтоЖол» компаниясының ақпаратынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен ұлттық компанияның қауіпсіздік қызметі өкілдері бюджет қаражатын ұрлау деректерін анықтады, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу материалдары ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.
- Тергеу нәтижелеріне сәйкес биыл 30 қыркүйекте ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ұйым ішінде де, мемлекеттік құрылымдармен, қоғаммен өзара байланыс орнатуда да ашық және әділ жағдай жасалуда, - деп атап өтті ұлттық компаниядағылар.
Фотосурет: time.kz
Пікірлер