Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты. Оның ішінде Шығыс Қазақстан да бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM-ға сілтеме жасап.
Осыған байланысты прокурорларға бірқатар тапсырма берілді.
- Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90%-ға өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс жағдай ушыққан. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы жол-көлік оқиғаларының себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым, - деп жазды ол «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Пікірлер