Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінің тұрғындары үйлерінің апатты жағдайда тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алғашқы сараптама кезінде үйдің екі подъезді тұруға жарамсыз деп танылып, 34 пәтердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілген еді. Ал қалған екі подъезде жарамды деп танылғандықтан көпшілік қалуды жөн көрді.
– Соңғы уақытқа дейін бұл ғимарат тұрғындарынан жазбаша өтініштер түскен жоқ. Жаңа сараптама жүргізілмегендіктен әзірге ешқандай шешім қабылдай алмаймыз. Соған қарамастан тұрғындармен сөйлесіп, ортақ келісімге келдік, – деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов.
Бүгінде бұл үйдің қауіпті екені сараптама жүзінде расталды. Дегенмен, оны тұруға жарамсыз деп тану туралы нақты шешім қабылдау үшін тағы бір техникалық сараптама қажет.
Бұдан кейін тиісті шаралар жүргізілмек. Тұрғындарға бірнеше шешім ұсынылмақ: басқа үйге көшу, өтемақы төлей отырып, олардың мүлкін сатып алу. Сондай-ақ әкімдік халыққа қолжетімді ипотекалық бағдарламалар арқылы жаңа баспана алуға көмектесуге дайын.
Пікірлер