A+ A A-

talgatzhan 27 2-10-2024, 16:26 0

Жарылғыш заты бар шамдар: ШҚО-да ата-аналар дүрбелеңге салынды

Бүгін / ШҚО / ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқушылардың ата-аналарының WhatsApp мессенджеріне еріп кеткен қалта шамының суреті жіберілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кеше кешке ата-аналар чатына келген хабарлама өскемендіктердің үрейін туғызды. 
- Қайырлы күн. Елдімекендерде осындай шамдар шашырап жатыр. Барлығына айтыңыздар, әсіресе балаларға ескертіңіздер. Мұғалімдерге де жіберіңіздер. Батареялардың орнына жарылғыш құрылғы қойылған. Қосқан кезде жарылады. Көрген жағдайда қолға ұстауға немесе тебуге болмайды. Мұны барлық чаттар мен топтарға жіберуіңізді сұраймын, - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері бұл жағдайға байланысты ешқандай қоңырау түспегенін айтады. Бірақ осыған ұқсас хабарлама мен фотосуреттің бұрын ресейлік чаттарда таралғанын мәлімдеді. Оның жалған ақпарат екендігі де ескертілген еді. 
- ШҚО полициясында мұндай шағымдар тіркелген жоқ. Азаматтардан барынша сақ болуды сұраймыз. Егер күдікті затты тапсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Фотосурет: ВКонтакте желісінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив