A+ A A-

talgatzhan 33 2-10-2024, 16:52 0

ШҚО-да қос азаматтығы бар 48 адам анықталды

Бүгін / ШҚО / ЖАҢАЛЫҚТАР

9 азамат сот шешімі бойынша Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар облыс аумағында тұратын адамдарды анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізеді.
Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.
- Шетелдіктің жеке куәлігі мен ҚР азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, - дейді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Биыл тәртіп сақшылары қос азаматтықты рәсімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтады, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі ҚР Конституциясына сәйкес қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін және заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив