Қазіргі таңда көпір апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үбе өзеніндегі көпір 1960 жылы салынған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, нысан жөндеу жұмыстарын талап етеді. Сондай-ақ өткел облыс үшін маңызды нысан саналады. Өкемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясы республикалық маңызы бар тасжолы осы жермен өтеді.
Көлік министрі Марат Қарабаев өңірге сапары барысында көпірге қатысты жоспармен бөлісті.
- Қазір бұл жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын даярлау аяқталуда. Дайын болған соң мен де өз тарапымнан жобаны қолдауға уәде беремін, - деді ол.
Пікірлер