Өңірде ұзындығы 256 шақырым болатын 130 қар басып қалатын учаске жіті бақылауға алынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 жылыту пункті мен 15 жол бойындағы бизнес нысандарының жұмысы ұйымдастырылады. Ұлан ауданындағы Привольное ауылында тәулік бойы 1 трассалық- медициналық құтқару пункті жұмыс істемек.
- Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес жеке құрамнан 1717 адам мен 686 бірлік техника жұмылдырылады. Оның ішінде, 389 қар тазалау техникасы, 181 инженерлік, 30 эвакуациялық және 86 жоғары өтімді техника. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катон Қарағай – Рахманов Қайнарлары", "Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы", "Өскемен-Семей", облыстық маңызы бар жолдарда: "Өскемен-Тарғын-Самар" бағытындағы жолдарды тазалауға тартылады, - делінген мәліметте.
Облыс аумағында 497 көшкін түсетін аймақ бар. ШҚ "Қазселденқорғау" ММ филиалы облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар кезеңге уақтылы дайындық мақсатында қар көшкіні маршруттарын әзірледі.
- Суық ауа райында жазатайым оқиғалар жиілеп барады. Ауа-райының нашарлауын болжағанда "Дәрмен" мобильді қосымшасында SMS-тарату, теле-, радиоқабылдау, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы дауылды ескертулерді халыққа жеткіземіз. Дауыл кезінде алыс жолға шықпауға кеңес береміз. Жүргізушілер жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Сондай-ақ ШҚО ТЖД комиссия құрамында "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ ШҚОФ, ЖАО, ЖПҚ өкілдерінің қатысуымен "Қазақавтожол" ЖШС облыстық филиалының республикалық маңызы бар автожолдарының қыс мерзіміне дайындығы тексерілмек.
Пікірлер