A+ A A-

talgatzhan 37 11-10-2024, 16:51 0

ШҚО мектептері алдағы үш жылда күрделі жөндеуден өтпек

Бүгін / ШҚО

Қазақстан бойынша 1300 орта білім беру мекемесі жаңартылмақ. Өңірде жөндеуден өтетін білім ордаларының тізімі әлі  құрылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында республика бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін 1300 мектептің бар екенін айтқан еді. 
- Үкімет әкімдермен бірлесе отырып, демеушілікті қосқандағы қаржыландыру көзін анықтап, үш жыл ішінде бұл мектептерді қайта жөндеуден өткізуі қажет, - деді Мемлекет басшысы.
Бұл Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемелеріне де қатысты. ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін мектептер анықталып жатыр. 
- «Орта және жалпы білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің 2025-2027 жылдарға арналған жоспарына» сәйкес жаңару, күрделі жөндеу, технологиялық құрал-жабдықтар мен мектеп жиһаздарын жаңарту, асханалар мен кітапханаларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Маратұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив