Бүгінде өңірде көмір сатумен 22 аймақтық оператор айналысады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, тұйықтарда 14 мың тонна көмір бар. Оның ішінде: Өскеменде - 6 920 тонна, Риддерде – 800 тонна, Алтай ауданында – 3 905 тонна, Глубокое ауданында – 600 тонна, Шемонаиха ауданында – 2 212 тонна. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында халық үшін көмір 3 темір жол тұйығында сатылады.
- Көмір сатуға қосымша орын беру мақсатында бүгін Өскеменде Самар тасжолы, 2а мекенжайы бойынша төртінші тұйық жол ашылды. Онда 3000 тонна көмір жеткізу жоспарланып отыр. Тұтыну көмірінің бағасы - 15 800 теңге, ал калибрленгеннің бір тоннасы 20 800 теңге тұрады, - деп хабарлады әкімдік.
Айта кетейік, өңір тұрғындары мен жылу көздерін көмірмен қамтамасыз ету «Қаражыра» АҚ және ҚТЖ ҰК бірлескен кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Облыс тұрғындары туындаған сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласа алады: +7 705 417 77 58.
Пікірлер