A+ A A-

talgatzhan 25 15-10-2024, 14:39 0

Өскеменде көлік жүргізушілері Понтон көпіріндегі кептеліске шағымдануда

Бүгін / Өскемен

Тоғас көшесінде көпір астындағы қысым коллекторын ауыстыру үшін өткелдің бір бөлігі желтоқсанға дейін жабылған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемендіктер көліктің көптігінен ұзақ кептелісте тұратындарын айтып, әлеуметтік желіге фотосуреттер жариялауда. Көлік жүргізушілері бағдаршам бар-жоғы 48 секунд жанып тұрады дейді. Бұл уақытта қала тұрғындары бағдаршамнан жылдам өтіп үлгермейтін көрінеді. 
Осы тұста Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі бағдаршамның жұмысы реттеліп жатқанын мәлімдеді. Жауапты мамандардың айтуынша, көлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін қосымша жол белгілері де қойылмақ.
Аталған мәселе екі күннің ішінде шешіледі деп жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив