A+ A A-

talgatzhan 40 17-10-2024, 12:47 0

Өскеменде протез бен ортопедиялық аяқ-киім шығарылады

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан облыстық протездік-ортопедиялық орталығы 1995 жылы құрылды. Қазір онда 23 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Орталықта аяқ пен қолға арналған протез, арнайы қимыл аппараттары, ортоздар, денені қалыпта ұстағыштар шығарады. Сондай-ақ қызметкерлер балалар мен ересектерге арналған ортопедиялық аяқ киім тігеді. 2005 жылдан бастап мекеме «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасы аясында қызмет көрсетіп келеді.
- Бұған дейін орталық мемлекет құзырында болса, 2017 жылдан бастап жеке меншікке ауысты. Басты мақсатымыз - облыстағы мүгедек жандарды протез және ортопедиялық аяқ киіммен қамту. Былтырғымен салыстырғанда биыл 1300 өнім шығардық. Алғаш рет протез киген науқастар кез келген уақытта осындағы залға келіп, жаттыға алады, - дейді орталық басшысы Асхат Садиров. 
Мекеме мұнымен тоқтап қалмай, облыс тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға тырысуда. Бір ай бұрын медициналық орталық ашылды. Мекеме директоры Асхат Садировтың айтуынша, күндізгі стационарға созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне душар болған 1 топтағы мүгедектер келеді. 
- Бұл жерде 60 адамға арналған орын бар, ал күніне 35-40 адам келеді. Науқастар Германиядан әкелінген гемодиализ құрал-жабдықтары арқылы ем-дом қабылдайды. Ауруханада 13 қызметкер жұмыс істейді. Бұл ғимратты салу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алдық. «Даму» Қорының көрсеткен қолауының арқасында несиенің пайыздық мөлшерлемесін судсидияланды, - деп қосты ол.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив