A+ A A-

talgatzhan 38 22-10-2024, 16:14 0

Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жаңартылды

Бүгін / Өскемен

Қазақстанда кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. 22 қазаннан бастап жұмыс уақыты ұзарады, деп хабарлайды Buqara,kz сайтының тілшісі. 

Енді кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері  09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Бұл ретте кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсететін болады. 

Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған. Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.  

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. ХҚКО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Еске сала кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО Өскемен қаласы бойынша Самар тас жолы 23 мекенжайы бойынша орналасқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив