A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

Өскеменде Самар ауданының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен / Самар

Бүгін Өскемендегі «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында Самар ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сатылымға ет және сүт өнімдері, бал, тағы да басқа тауар түрлері әкелінді. 8 ауылдық округтен шығарылған өнімдер тиімді бағада сатылып жатыр.
– Бүгін қала тұрғындарына сапалы әрі балғын өнімдерді ұсынып отырмыз. Басты мақсат - тауарларды делдалсыз, тиімді бағада сату. Еттің келісі 3000-3600 теңге тұрады, - деді Самар ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев.
Жәрмеңкеге Аққала, Сарыөлең, Бастаушы, Миролюбовка, Палатцы, Самар, Құлынжон ауылдық округтерінің кәсіпкерлері келді.
– Аққала ауылдық округінен 2 бас ірі қара әкелдік. Еттің келісін 3600-3700 теңгеден сатып жатырмыз. Сауда жақсы жүріп жатыр, халық та риза, - деді кәсіпкер Гүлсім Тоңпақаева.
Саудаға шығарылған азық-түліктің түр-түрі бар, әрі бағасы да қолжетімді. Бұл өз кезегінде халықтың көңілінен шығып, тиімді сауда жасауына мүмкіндік беріп отыр.
– Жәрмеңкеге жиі келеміз. Аудандар келсе тіпті қуанамын. Ауылдың дәмі бөлек қой. Бүгін сары май, қаймақ, сүт, 3 келі ет алдым. Бағасы қолжетімді. Барлығына 20 мың теңге жұмсалды. Қаладағы дүкендерде бұдан да көп шығындаласын, - деді облыс орталығының тұрғыны Сағира Қариева.
Айта кету керек, бүгін қаланың бірнеше ауданында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив